Ссылки доступа

Иран: "Боинг" апатының себебі РЛС-тың қате сигнал беруінен болды


Иран билігі биыл 8 қаңтарда Тегераннан ұшқан Украина жолаушылар ұшағы апатына қатысты тергеу нәтижесін жариялады. Ұшақты екі зымыран атып түсірген болатын.

"Украина әуе жолдары" компаниясының нөмірі 752 рейсінде 176 адам болған. Бәрі қаза тапты.

Иран тергеушілері апаттың себебі радиолокациялық станцияның (РЛС) операторларға қате сигнал беруінен болды деп есептейді.

Британияның "Гардиан" газеті Тегеран ұшақ апатқа ұшыраған кезде, техникалық ақау болды деп мәлімдегенін, бірнеше күн өткеннен кейін қателесіп атып түсіргенін мойындады деп жазған.

Иранның азаматтық авиация басқармасы жариялаған баяндамада, Тегеран шетіндегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің опеараторлары зымыранды дер кезінде күйге келтіре алмағаны атап көрсетілген. Сол күні таңертең АҚШ-тың әуе күштеріне қарсы дабыл белгісі жарияланған делінген.

20 шілдеде апат болған жерде табылған "қара жәшік" шифрын оқу үшін Францияға берілуі тиіс деп хабарлайды IRNA агенттігі.

Биыл 8 қаңтарда болған ұшақ апатынан Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания, Ауғанстан және Германия азаматтары қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG