Ссылки доступа

Ташкенттегі карантин аймағында бүлік шығарғандарды үйге қайтарды (видео)


Өзбекстанның Ташкент облысы Шыршық ауданында орналасқан Уртасарай карантин аймағында бүлік шығарғандарды үйге қайтарды. Бұл туралы осы лагерьде болған бірнеше адам хабарлады.

– Жеті автобус келгенін өз көзіммен көрдім. Адамдарды осы автобуспен шығарды, – деді карантин аймағының 15-блогында отырған бір азамат.

"Озодлик" редакциясына 10 шілдеде жолданған видеода 23-блоктағы адамдарды түнде автобусқа отырғызып жатқаны анық көрініп тұр.

– Карантиндегі адамдарды денсаулығы туралы анықтамасыз-ақ шығарып жіберді. Олар карантин лагеріндегі орындарды босатып жатыр, - деді осында жатқандардың бірі.

Карантиндегі адамдар үйіне қайтқанын лагерьдің колл-орталығындағылар да растады.

8-9 шілдеде Уртасарай карантин лагерінде отырғандар бүлік шығарғаны мәлім болды. Бір айдан бері осында жатқан адамдар үйге қайтаруын талап еткен.

XS
SM
MD
LG