Ссылки доступа

Тәжікстан карантинге алынатын 145 өнімнің тізімін жасады


Тәжікстан үкіметі карантинге алынатын 145 өнімнің тізімін бекітті. Бұл өнімдердің барлығы шекара бекеттерінде мемлекеттің карантин-фитосанитария бақылауына алынуы тиіс.

Үкімет қаулысы биыл маусым айының соңында бекітілген.

Озоди радиосы 12 шілдеде осы тізіммен танысты. Онда құрғақ сүт, қауын, қарбыз, банан, цитрус өнімдері, картоп, помидор, кофе, Парагвайда шығарылған шай, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнім бар. Тізімге ауыл шаруашылығы өнімдерін бүлдіретін колорад қоңызы секілді жәндіктер де кірген.

Тәжікстан үкіметі мұндай жарлықтың дәл қазір не себепті қабылданғанын түсіндірмеді.

Тәжікстан елде коронавирустың жаңа түрі барын 30 сәуірде растап, шектеу шараларын қолға алды. Денсаулық сақтау министрлігінің 11 шілдедегі мәліметі бойынша, елде 6506 адам COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталған, 55 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG