Ссылки доступа

Өзбекстан қорында коронавирус бар-жоғын анықтайтын 1 миллион тест бар


Өзбекстан денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Баходыр Юсупалиевтің мәлімдеуінше, республиканың қорында коронавирус бар-жоғын анықтайтын 1 миллион тест-жүйе бар.

Баходир Юсупалиевтің айтуынша, елде күнде 450-470 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталады. Қазір республиканың денсаулық сақтау жүйесіне салмақ көп түсіп жатыр дейді ол.

"Біз күніне 20, 22, 25 мың тест өткіземіз. Бұған дейін күніне 8-10 мың тест алсақ, қазір бұл көрсеткішті 2-3 есе арттыра алдық", - деді шенеунік.

Юсупалиев елде коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест жоқ деген мәліметті жоққа шығарды. Шенеуніктің мәлімдеуінше, қорда 1 миллион тест бар және ол үнемі толықтырылып тұрады.

XS
SM
MD
LG