12 шілдеде Тухард қыстағында "Норильсктрансгаз" компаниясының құбыры жарылған. Соның салдарынан топыраққа және жақын маңдағы көлге 44 тонна авиация керосині төгілген. Құтқарушылар бір тәулікте соның жарыын жинады. Тергеу комитеті табиғатты қорғау ережесінің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғады.
Биыл мамырда "Норникельге" тиесілі ЖЭЦ-те экологиялық апат болған. Сол кезде топыраққа шамамен 20 мың тонна дизель отыны төгілген. Отын жақын маңдағы өзенге, одан соң Пясино көліне тараған. Билік бірнеше күннен соң ғана қозғалды. "Норникель" бұны жоққа шығарып отыр. Апат шығыны екі миллион доллар деп бағаланған. Экологтардың айтуынша, апат салдарын жою үшін бірнеше жыл кетуі мүмкін.
Маусым айында "Норникель" Талнах кен байыту фабрикасынан шыққан қалдықтарды тундраға төгетіні белгілі болды. Зиянды заттар Хараелах өзеніне түсіп, сол арқылы Пясино көліне жеткен. Сол кезде экологтар мен журналист өндіріс қалдықтарының табиғатты ластануына қарсы шыққан.