Ссылки доступа

Тоқаев елде карантин екі аптаға созылатынын мәлімдеді. Үкімет "мұқтаждарға" 42,5 мың теңге төлемек


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде күні Twitter парақшасында елде карантин тағы екі аптаға созылатынын жазды. Тоқаевтың мәлімдеуінше, билік карантинде табыссыз қалғандарға 42500 теңге (шамамен 103 доллар) төлемек.

Тоқаев елде дәрі-дәрмек, ауруханада орын жетпей жатқан тұста жасаған мәлімдемесінде "қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады" деп жазып, "ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор" деді.

"Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді" деп жазды президент.

Тоқаев желіде "азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет" дегенімен, елде толық локдаун болар-болмасын ашып жазбады.

"Шешімді 14 шілдеде үкіметтегі комиссия қабылдайды" деді.

Қазақстанда қазір коронавирус жұқтырғандар 60 мыңға жуықтады. Елде 30 мыңнан астам адам "симптомы коронавирусқа ұқсас" пневмониямен ауырып жатыр. Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар мыңнан асып кетті.

XS
SM
MD
LG