Ссылки доступа

Түркіменстанда 13 шілдеден бастап көшеде маскасыз жүргендер жазалануы мүмкін


Ашғабад. Дәріханада маска сатып алу үшін кезекте тұрғандар. 10 шілде, 2020 жыл.
Ашғабад. Дәріханада маска сатып алу үшін кезекте тұрғандар. 10 шілде, 2020 жыл.

Түркіменстанның денсаулық сақтау министрлігі 13 шілдеден бастап "ауаның ластануына байланысты" халықты міндетті түрде маска тағуға шақырып жатыр.

Turkmen.news сайтының жазуынша, жол полициясы дауыс зорайтқышпен халықты көшеге шыққанда маска тағып шығуға шақырып жатыр. Егер жоқ болса, 1 манатқа (0,2$) сатып алады ұсынып жатыр. Ал Түркменбашыда қалаға кірген бетте тегін маска таратылып жатыр.

Түркіменстан билігі әлі күнге дейін коронавирус инфекциясымен ауырғандар тіркелмеді деп келеді. Бірақ тәуелсіз басылымдар елде коронавирус пен пневмониядан ауырғандар саны өсіп жатқанын жазып жатыр.

Turkmen.news сайтының хабарлауынша, Ашғабадта ірі "Беркарар" сауда орталығы мен "Толкучка" базары карантинге жабылған. Елде маска мен антисептикалық құралдарға тапшылық байқалады.

XS
SM
MD
LG