Ссылки доступа

Мәскеуде көше сыпырушы мигранттардың айлығын қысқартқан (видео)


Мәскеудің Левобережный ауданындағы коммуналдық қызмет жұмысшылары маусым айындағы айлығын толық алмаған.

Мәскеуде аула сыпырушылар 33 мың рубль (450 доллар) алады, бірақ соңғы айда олардың қолына тек 23 мың рубль (300 доллар) тиген. Аула сыпырушылар бұл ақшамен Мәскеуде өмір сүру мүмкін емес дейді.

Дворникам-мигрантам в Москве урезали зарплату на треть
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:52 0:00

"Біздің бұл жұмыстан шығып, басқа жұмыс іздеуімізге тура келеді. Олар бізді қорқытқысы келеді. Бірақ біз өзіміздің еңбекақымызды талап етеміз", – дейді Зиёратшо Бухариев.

Карантинный лагерь для трудовых мигрантов от ГБУ "Жилищник" в Москве
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

"Көше сыпырушы мигранттар жылдың 365 күнінде демалыссыз жұмыс істейді. Коронавирус пандемиясына және ауа райына қарамастан жұмысқа шығады Соңғы күндері оларға қосымша жұмыс – дезинфекциялау жүктелді. Олардың айлығын қысқартпай, керісінше сыйақы төлеуі тиіс" - дейді маляр Рустам Азизов.

"Жилищник" коммуналдық қызметінің басшылары бұл жағдайға байланысты түсініктеме беруден бас тартты.

Құқық қорғаушы Каримджон Еров коммуналдық қызмет әкімшілік және қылмыстық заңның баптарын бұзып отыр деп есептейді. Мысалы, жұмыс беруші жұмысшылармен ресми келісім-шартқа отырмаған. Бұл үшін олар миллиондаған рубль айыппұл төлейді.

Қазір көше сыпырушылар жұмыстан шығу жөнінде жаппай арыз жазбақшы. Мигранттар сонымен бірге тиісті орындарға шағымдануды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG