Ссылки доступа

Қазақстанда карантин 2 тамызға дейін ұзартылды


Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин елдегі коронавирустың өршуіне байланысты енгізілген екінші карантин 2 тамызға дейін ұзартылатынын мәлімдеді.

14 шілдеде өткен үкімет отырысында Мамин шілдеде табысынан айырылғандарға 42500 теңге (шамамен 100 доллар) төленетінін айтты.

Бұл көмекті қанша адам алатыны белгісіз.

Қазақстан билігі елде коронавирус індеті өршіп, пневмонияға шалдыққандар көбейген тұста 5 шілдеде екі апталық карантин енгізген. Сауда-саттық, қызмет көрсету саласындағы кәсіптер жұмысын тоқтатқан. Қалааралық автобус қатынасына да тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG