Ссылки доступа

ДДСҰ басшысы: “Вируспен күресті дұрыс ұйымдастыра алмаған елдерде індет өршіді”


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустан дұрыстап қорғанбаса, коронавирус пандемиясы өрши береді деп санайды.

Ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус “тым көп мемлекет бұрыс бағытта кетті” деді. Оның сөзінше, коронавируспен күрестің тексерілген тәсілдері не мүлде қолданылмаған не лайықты түрде іске аспаған елдерде індет өршіп барады.

“Вирус – қоғамның әлі де нөмірі бірінші жауы. Бірақ көп үкіметтің және халықтың әрекеті осы қауіптің ескерілмей отырғанын көрсетеді. Вирустың жалғыз мақсаты – инфекция жұқтыратын адам табу” деді Гебрейесус.

ДДСҰ басшысының сөзінше, ел басшыларының қайшылыққа толы мәлімдемелері коронавирусқа қарсы күресте ең маңызды саналатын сенімнің жоғалуына әкелді.

“Үкімет халықпен дұрыс байланыс орнатпаса, халық вирустан қорғанудың негізгі шарттарын ұстанбаса, бір ғана жол бар. Пандемияға қатысты жағдай қиындаған үстіне қиындай береді” деді ол.

Вирустан қорғанудың негізгі шарттары – қашықтықты ұстану, қолды жиі жуу, шынтаққа түшкіру және маска тағу деді Гебрейесус.

Індет әлемнің басқа өңірлеріне қарағанда Солтүстік және Оңтүстік Америкада қатты өршіп жатыр. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 3,3 миллион адамнан асқан АҚШ-та соңғы күндері денсаулық сақтау мамандары мен президент Дональд Трамп арасы шиеленісіп барады. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, АҚШ-та 135 мыңнан аса адам COVID-19 дертінен қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG