Ссылки доступа

Өзбекстанда санитария-эпидемиология агенттігінің ондаған қызметкері коронавирус жұқтырды


Өзбекстанда санитария-эпидемиология агенттігінің ондаған қызметкері коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті.

Санитария-эпидемиология агенттігінің бір қызметкері ондаған әріптесі коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқанын хабарлады.

"Агенттікте хаос орнады, басқарма аппаратында ешкім қалмады. Қызметкерлердің бәрі ауруханада жатыр", – деді агенттік қызметкері.

Оның есебіне қарағанда, агенттіктің ондаған қызметкері ауруханаға түскен. "Ауру жұқтырғандар көбейіп жатыр. Кеше ғана ауруханаға тағы төрт қызметкер жатты. Он күннен астам уақыттан бері агенттік толық жұмыс істей алмай тұр. Шындығын айтсақ, агенттікте бар болғаны алты адам қалды", - деді ол.

Алайда санитария-эпидемиология агенттігі баспасөз қызметінің басшысы Мұхаммаджон Бозоров бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша, агенттік қызметкерлерінің көбі қашықтан жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG