Ссылки доступа

"Ишкобод" шекара бекетіне шабуылдаған жеті содыр екі жылдан 27 жылға дейін сотталды


Место происшествия. Фото МВД РТ

Тәжікстан Жоғарғы соты "Ишкобод" шекара бекінісіне шабуылдаған жеті содырға үкім шығарды.

Бұл туралы 14 шілдеде бас әскери прокурор Икром Зоирзода хабарлады. Оның айтуынша, сотталғандардың барлығы - Тәжікстан азаматы.

Жыл басында Жоғарғы сот төрағасы Шермухаммади Шохиён бұл іске қатысты тоғыз күдікті бар екенін айтқан. Сот жабық өтті.

Шекара бекінісіне шабуыл былтыр 6 қарашада таңертең жасалған. Соның салдарынан, ресми мәлімет бойынша, бір шекарашы және бір милиция қызметкері қаза тапты. 15 содырдың көзі жойылды.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы шабуыл жауапкершілігін мойнына алғанын.

XS
SM
MD
LG