Ссылки доступа

Ресейдің Амур облысында тәжік және өзбек мигранттары жаппай тәртіпсіздік жасады (видео)


Таджикские мигранты в Амурской области устроили массовые беспорядки
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:23 0:00

13 шілдеде Амур облысында тәжік және өзбек мигранттары наразылық акциясына шығып, соның арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

Оқиға областағы газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында болған. Еңбек мигранттары айлық төлеуді талап еткен. Зауыт басшылығының хабарлауынша, мигранттар карантин кезінде 15-20 күн жұмыс істемеген, сол себепті айлық қысқарған.

"Газпромның" газ өңдеу зауытының құрылысын жүргізетін бас мердігер - Renaissance Heavy Industries түрік компаниясы.

Наразылық акциясына шыққан еңбек мигранттары бірніше автокөлікті аударып, одан соң асханаға, әкімшілік ғимаратына шабуылдаған. Мигранттар жатақхана терезелерін таспен шаққан.

Амур облысында жұмыс істейтін тәжік мигранты Алиджонның айтуынша, мигранттар 40-50 мың рубль айлық алады, бірақ маусым айында оларға бар болғаны 18 мың рубль төлеген. "Жігіттер айлық төленбесе наразылыққа шығатынын ескертті. Бүгін осындай жағдай болды. Барлығын сындырып тастады", - деді мигрант.

Амур облысының Свободный қаласындағы зауыт құрылысында Орталық Азияның 15 мыңнан астам еңбек мигранты жұмыс істейді.

Амур облысының тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG