Ссылки доступа

Қырғызстанда дәрі тапшы: баға 3-4 есе көтерілді (видео)


Қырғызстанда коронавирус эпидемиясы өршіп барады, елде дәрі-дәрмек табу қиын болып тұр.

Адамдар дәріхана кезегінде бірнеше сағат тұрып, бағасы 3-4 есе қымбаттаған дәріні алуға мәжбүр. Денсаулық сақтау министрлігі болса дәріні дәрігердің кеңесінсіз қабылдауға болмайтынын ескертіп жатыр.

В Кыргызстане дефицит лекарств из-за эпидемии COVID-19: цены выросли в несколько раз
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:34 0:00

Дәрі іздеу – Қырғызстанда телеграм-чаттардағы ең көп таралған тақырып. Бір минутта мұнда жүздеген хабарлама түседі. Адамдар негізінен дәрінің бес-алты түрін іздейді. Олардың дені - пневмония мен коронавирусты емдейтін антибиотиктер. Қырғызстанда дәріханаларда бұл дәрілер жоқ.

"Парацетамол жоқ, кетонал жоқ", – деп айтудан дәріхананың бір сатушысы әбден шаршады. Мұнда аскорбин қышқылы да табылмады. Кезекте тұрғандар барлық дәріханаға барып, бір дәрі таппағанын айтты.

"Тромбас таппадым, аспирин жоқ, парацетамол сатып алдым", – дейді кезекте тұрған бір әйел.

Дәрі табылмай жатқанда оның бағасы үш-төрт есе қымбаттап кетті. Шенеуніктер алып-сатарлар қатаң жазаланатынын ескертіп жатыр, бірақ одан нәтиже шығар емес.

Ауруханаларда да дәрі тапшы: еріктілер дәрі-дәрмек жетіспей жатқанын үнемі жазып жүр.

XS
SM
MD
LG