Ссылки доступа

Түркіменстан темір жол қатынасын тоқтатты


Коронавирус жұқтырғандар анықталмады деп ресми түрде мәлімдеп келе жатқан Түркіменстанда жолаушылар пойызы тоқтатылды.

Елдің темір жол компаниясы пойыздар 16 шілдеден бастап 23 шілдеге дейін жүрмейтінін хабарлады. Бірақ себебін түсіндірмеді.

Осыған дейін Түркіменстанның денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктер "ауадағы лас тозаңдар өкпеге кірмеу үшін" азаматтарды медициналық маска тағып жүруге шақырған.

Азаттықтың түркімен қызметі жергілікті ауруханалар пневмонияның белгілері бар науқастарға толып қалғанын, олардың бірқатары, оның ішінде медицина қызметкерлері көз жұмғанын жазған. Ақпаратқа қарағанда, кейбір аймақтарда карантин жарияланып, біраз өндіріс нысандары жұмыс істемей тұр.

6 шілдеде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДССҰ) миссиясы өлкеге 10 күндік сапармен барған.

XS
SM
MD
LG