Ссылки доступа

Өзбекстан Ресейдегі азаматтарын пойызбен алып кетуді шешті


Өзбекстанның шекара комитеті Ресейдегі Самара және Орынбор облыстарынан азаматтарын шығарып алатынын хабарлады.

Олардың дені – коронавирус эпидемиясына байланысты орыс-қазақ шекарасынан өте алмай қалған еңбек мигранттары.

Мәліметке қарағанда, "Өзбектан темір жолдары" оларды алып кету үшін Ресейден жауап күтіп отыр. Қазақстан тарабы рұқсат берген.

14 шілдеде Өзбекстанның Қазандағы консулдығы Орынбор және Самара облыстарындағы мигранттар арнайы пойызбен үйіне қайтатынын "Коммерсантқа" растады.

Самара және Орынбор облыстарында екі мыңға жуық мигрант шыға алмай қалып қойған. Олар екі аптадан аса далада құрылған шатырда тұрып жатыр.

Өзбекстан мамыр айының соңында Самара облысынан 1200 азаматын шығарып алған.

XS
SM
MD
LG