Қырғызстанның үкімет басшысы Кубатбек Боронов Өзбекстан үкімет басшысы Абдулла Ариповпен сөйлескенін мәлімдеді. "Өзбекстан гепарин жасап шығарады. Бір апта ішінде 30 мың қорапты жеткізуге уәде берді. Жақын күндері тапшылық жойылады", - деді Боронов.
Үкімет басшысы Иран, Үндістан, Қытай сияқты мемлекеттермен керекті дәрілерді жеткізу бойынша келіссөздер жүріп жатқанын айтты.
Коронавирус өршіп тұрған кезде Қырғызстанда дәрі-дәрмектің бағасы өсіп, кейбір дәрілер табылмай жатыр. Науқастардың көбі қанды сұйылтатын антикагулянттарға, антибиотиктерге және вирусқа қарсы дәрілерге мұқтаж болып жатыр.