Ссылки доступа

Тәжікстанның Ресейдегі елшілік қызметкерлерінен COVID-19 вирусы анықталды


Мәскеудегі Тәжікстан елшілігінің ғимараты
Мәскеудегі Тәжікстан елшілігінің ғимараты

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігінің үш қызметкерінен коронавирус анықталды.

Ресей билігі елшілік қызметкерлерінен байланыста болған адамдардың тізімін талап етті.

Ресейде вирус жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар екі апталық карантинге алынады.

Азаттықтың тәжік қызметінің дипломатиялық өкілдіктегі дереккөзі хабарлағандай, елшіліктегі қызметкерлердің бәрі вирус жұқтырған әріптестерімен байланыста болған. Бұдан әрі елшілік қандай тәртіппен жұмыс істейтіні белгісіз.

Тәжікстан билігі 25 маусымнан бері Ресейдегі азаматтарын еліне алып кете бастаған. Осыған байланысты елшілік ғимараты алдында адам қарасы өте көп. Егер дипломатиялық өкілдік карантинге жабылса, азаматтарды қабылдау тоқтайды. Елшілік жұмысын тек онлайн режимде жүргізеді.

XS
SM
MD
LG