Ссылки доступа

Тәжікстан ЕҚЫҰ-ның сөз бостандығы бойынша өкілінің қайта сайлануына қарсы болды


Харлем Дезир

Тәжікстан ЕҚЫҰ-ның басасөз еркіндігі бойынша өкілі Харлем Дезирдің қызмет мерзімін ұзартуды мақұлдамады.

Харлем Дезир тәжік билігін елдегі БАҚ-қа қысым көрсетеді деп айыптап келген.

Ақпаратқа қарағанда, Әзербайжан мен Түркия да Дезирдің қайта тағайындалуына қарсы шыққан.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бас хатшысы, ұйымның Демократиялық институттар және адам құқығы бойынша бюро төрағасы, ұлттық азшылық бойынша бас комиссары және сөз бостандығы бойынша өкілінің орны әзірге бос.

12 шілдеде Албания ұйымға мүше 57 ел бұл төрт қызметке жауапты кісілерді қайта дайындау бойынша консенсусқа келмегенін хабарлаған.

Албания 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп жатыр.

ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы және институттардың жетекшілері үш жылда бір рет сайланады. Ұйымның қазіргі басшыларының басқару мерзімі 18 шілдеде аяқталады.

XS
SM
MD
LG