Ссылки доступа

Минскіде полиция наразылыққа шыққандарды ұстады


Еуропалық одақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік бойынша Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Беларусь билігінің президенттікке үміткер ретінде Виктор Бабарико мен Валерия Цепкалоны тіркеуден бас тартуына байланысты мәлімдеме жасады.

Еуропалық саясаткердің сөзінше, мұндай қадам Беларусь сайлаушыларының құқығын шектеп, ашық сайлауға жол бермейді.

Виктор Бабарико мен Валерия Цепкалоны тіркеуден бас тарту арқылы Минск саяси бәсекеге жол бермей жатыр деп атап өтілген Жозеп Боррельдің мәлімдемесінде.

Сейсенбі күні кешкісін Минскіде бұрынғы банкир Виктора Бабарико мен Жоғарғы технологиялар паркінің директоры Валерия Цепкалоны қолдап рұқсат етілмеген митинг өтті.

Кешкі 20.00 шамасында қала орталығындағы Тәуелсіздік даңғылын полиция жасағы қоршады. Бұл жерде жүздеген адам наразылық білдіріп тұрған. "Неміс толқыны" радиосының хабарлауынша, көшеге шыққандардың қолында ешқандай плакат не ұран болмаған. Олар тек қол соғып, көшемен жүрген. Көшедегі көліктер сигнал беру арқылы оларға қолдау білдірді. Қарсылық акциясына велосипед мінгендер де жиналды.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, ондаған адам ұсталған. Арасында шетелдік БАҚ өкілдері де бар.

Ұсталғандар арасында Азаттықтың беларусь қызметінің екі тілшісі де болды. Оларды тек түнгі 23.00-де босатқан. Радыё Свабода мәліметінше, 14 шілдеде жалпы 72 адамды ұстаған.

Беларусьте президент сайлауы 9 тамызға белгіленген. Лукашенко алтыншы мерзімге талпыныс жасап отыр.

Ол мемлекетті 25 жылдан астам уақыт бойы басқарып келеді.

Халықаралық ұйымдар Лукашенконың кейінгі сайлаулардағы жеңісін демократиялық стандарттарға сай емес деп сынға алды.

XS
SM
MD
LG