Ссылки доступа

Тәжістанда газ қымбаттап жатыр (видео)


Тәжікстанда коронавирус пандемиясы кезінде газ қымбаттап жатыр - екі аптаның ішінде көгілдір отын бағасы екі есе көтерілген.

Тәжікстанда автокөліктердің шамамен 90 пайызы газбен жүреді.

Екі апта бұрын газдың бір литрі 2 сомони 50 дирам болса, қазір бір литр газ 4 сомони (0,39 доллар) тұрады. 13 шілдеде энергетика және табиғи ресурстар министрі Шоди Шоимзодадан газдың не себепті қымбаттағанын сұраған.

"Бұл сауалды газды елге жеткізумен айналысатын компанияларға қою керек. Содан кейін ғана біз оның себебін біле аламыз", - деп жауап берді министр.

В Таджикистане цена на сжиженный газ выросла почти в два раза
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:48 0:00

Мұндай жауапқа автокөлік жүргізушілер қанағаттанбай отыр. Олар әлемде отын арзандап жатса, Тәжікстанда оның қымбаттауы күмән туғызады. Душанбе қаласында 20 мыңға жуық такси жүргізуші бар. Газ қымбаттаған соң олардың табысы 30 пайыз төмендеген.

Тәжікстан газды Қазақстаннан, оның "Ақтөбемұнайгаз" компаниясынан сатып алады.

XS
SM
MD
LG