Ссылки доступа

Сох анклавының Ташкенттен жұмыстан қайтқан тұрғындары өзбек-қырғыз шекарасынан өте алмай тұр


Қырғызстан аумағында орналасқан Сох анклавының Ташкенттен жұмыстан қайтқан тұрғындары өзбек-қырғыз шекарасынан өте алмай тұр.

Жұмысшылардың бірінің айтуынша, олар 7 шілдеден бері өзбек-қырғыз шекарасынан өте алмай жүр. Оларға "Водил" бақылау бекетінен өткізбеген.

Қырғызстан аумағында орналасқан өзбектің Сох анклавына жол жабық тұр.

"7 шілдеде бізді карантин аймағынан шығарып, коронавирус жоқ екенін айғақтайтын анықтама берді. Сол күні бізді милиция қызметкерлері "Водил" бақылау бекетіне жеткізді. Шекарада бізді Сох ауданының арнайы өкілі қарсы алуы керек еді. Бірақ бізді шекарашылар өткізбеді. Арнайы өкіл келмеген. Бізді Ферғана облысы әкімшілігіне алып барып, туыстарда түнеуімізді өтінді. Амалсыз автобус аялдамасына түнедік. Кейбір адамдардың ыстығы көтерілді. Сохқа әлі жете алмай жүрміз", – деді Шохруз есімді азамат.

Ферғана облысы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Мұхаммаджон Обидовтың хабарлауынша, Сох анклавының тұрғындары өзбек-қырғыз шекарасының жабық болуына байланысты үйге қайта алмай жүр.

"10 шілдеде Өзбекстанда карантин талаптары күшейді. Шекарада да сондай жағдай. Оның үстіне, Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады. Көрші ел де шекарасына мұқият қарап отыр", – деді облыс әкімшілігінің өкілі.

XS
SM
MD
LG