Ссылки доступа

АҚШ билігі шетел студенттерін елден шығармайтын болды


Массачусетский технологический институт

Ақ үй қашықтан оқу форматына көшкен шетел студенттерін елден шығару туралы шешімінен бас тартты.

Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады.

Университеттер мен бірқатар штат билігі Ақ үй шешіміне шағым түсірген соң, билік мұндай жоспарынан бас тартатынын мәлімдеді.

АҚШ билігінің үстінен Гарвард және Массачусетс технология институты шағымданған. Шетел студенттерін елден шығаруға 20 штат қарсы шықты. Ондаған ірі компания, соның ішінде Google, Facebook және Twitter, колледждер мен университтер сотттарға АҚШ президентінің талабын заңға қайшы екенін дәлелдейтін айғақтар келтірген.

Сейсенбі күні Массачусетс штатының судьясы Эллисон Берроуз Гарвард университетінің АҚШ әкімшілігің үстінен түсірген шағымын қарап, Ақ үй ережесі заңға қайшы деген шешім шығарды. Сот тыңдауы төрт минутқа жетпей аяқталған.

Гарвард басшылығы алдағы оқу маусымындағы сабақтардың барлығын онлайн форматта өткізуді жоспарлап отыр. Президент Дональд Трамп күзде барлық мектептердің ашылуын талап етіп, Гарвард университетінің жоспарын "орынсыз" деп атаған.

АҚШ-тағы жоғары оқу орындарында миллионнан астам шетел студенті білім алады.

XS
SM
MD
LG