Ссылки доступа

Қырғызстан Дүниежүзілік банктің көмегімен 13 жедел жәрдем көлігін сатып алды


Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік банктің көмегімен 13 жедел жәрдем көлігін сатып алды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Көліктер Дүниежүзілік банктің "Қырғызстандағы табиғи апаттар қаупіне қарсы тұру" жобасы аясында 764 мың 900 долларға сатып алынды. Олардың үшеуінде өкпені жасанды демалдыру аппараты бар.

Жедел жәрдем көліктері жеті облысықа бөліп берілмек.

Дүниежүзілік банктың бұл жобасына сәйкес 9 миллион доллар қарастырылған. Осыған дейін жоба аясында жасанды тыныс алу аппараты, дәрі-дәрмектер, 13 жедел жәрдем көлігін сатып алу қарастырылғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG