Ақпаратқа қарағанда, кеңестің ондаған мүшесінен коронавирус анықталған.
Мекеменің баспасөз хатшысы Нодир Абдукодиров ресми түрде індетке шалдыққан қызметкерлер саны "онша көп емес" деді.
"Екі қызметкердің вирус жұқтырғаны ресми анықталды. Қалғандары бойынша ресми анықталғанға дейін ештеңе айта алмаймын", - деді ол.
Абдукодиров Жастар одағы 10 шілдеден бері онлайн істеп жатқанын, одан бері бірнеше қызметкер ғана жұмысқа барғанын айтты.