Ссылки доступа

Бободжон Гафуров ауданының басшысы: Тәжікстанның Қырғызстанмен шекарасындағы бақылау күшейді


Зариф Назири
Зариф Назири

Бободжон Гафуров ауданы басшылығының мәлімдеуінше, коронавирусқа байланысты Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекара толық бақылауға алынды.

Аудан төрағасы Зариф Назиридің 15 шілдеде хабарлауынша, тәжік-қырғыз шекарасы 21 сәуірде жабылған, шекараны бақылау күшейтілген.

"Шекарадан автокөліктер өтіп кеткес үшін ор қазылды. Одан соң азаматтардың жүріп-тұруын бақылауға арналған бекеттер орнатылды. Біз 250 бақылау камерасын орнаттық. Қазір шекараны толық бақылап отырмыз", - деді аудан басшысы.

Тәжікстанның Бободжон Гафуров ауданы Қырғызстанның Лейлек ауданымен шектесіп жатыр. Мұнда 17 бақылау-өткізу пункті жұмыс істейді. Худжанд-Исфара жолы осы жерден өтеді. Көрші мемлекеттердің тұрғындары Тәжікстан мен Қырғызстанға кедергісіз өтіп жүрген.

Тәжік-қырғыз шекарасы 976 шақырымға созылып жатыр, соның 504 шақырымы ғана делимитацияланған және демаркациядан өткен.

XS
SM
MD
LG