Ссылки доступа

Ресейде мигранттар ереуілінен соң оларға тиесілі ақша өтелетін болды


Бунт рабочих на Амурском газоперерабатывающем заводе в Свободном
Бунт рабочих на Амурском газоперерабатывающем заводе в Свободном

Ресейде еңбек мигранттарының ереуілінен соң оларға тиесілі ақша өтелетін болды.

Амур облысында "Ренейссанс Хэви Индастриз" құрылым компаниясының айлықты толық бермеуінен бүлік шыққан еді. Компания енді патент пен басқа да рұқсат қағаздарын туырлау үшін ұсталған ақшаны қайтаруға уәде берді. Бұған қоса, ұйым әрбір жұмысшыға 20 мың рубль төлейді. Сонымен бірге әрбір еңбек мигранты Құрбан айт құрметіне 5 мың рубльден алады.

Есесіне компания басшылығы жаппай тәртіпсіздікті доғарып, жұмысқа кірісуді талап етті. "Олай болмаған жағдайда, жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың тізімі құқық қорғау органдарына беріледі" делінген ұйым мәлімдемесінде.

Бұның алдында Амур облысының губернаторы Руслан Медведев құрылыс басына барып, прокуратураға жаппай тәртіпсіздік себебін анықтауды тапсырған. Прокуратура құрылыс компаниясының 14,4 млн рубльді жұмысшылар айлығынан заңсыз ұстап қалғанын анықтаған.

Еске салайық, 13 шілдеде тәжік және өзбек мигранттары Амур газ өңдеу кешенінің құрылысында бүлік шығарды. Жұмысшылар жалақының толық төленуін талап етті. Мұнда Орталық Азия елдерінің 15 мыңнан астам еңбек мигранты жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG