Ссылки доступа

Өзбекстанда вирус жұқтырған науқастарды емдейтін дәрі тапшы


Өзбекстан дәріханаларында коронавирустан емделуге қажетті дәрі-дәрмек тапшы.

Кейбір дәрілер эпидемияға дейінгі бағадан 3-4 есе қымбатқа сатылып жатыр. Президент Шавкат Мирзияев та дәрі тапшылығын мойындап, үш айға жететін қор жинауды тапсырды.

Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге қажетті "Арбидол", "Эргоферон", "Лопинавир", "Авиган", "Гидроксихлорохин" дәрілері Ташкенттің ондаған дәріханасынан табылмады.

Бұған қоса астана дәріханаларында "Азитромицин", "Плаквенил", "Ремдесивир", "Умифеновир", "Фавипиравир" секілді препараттар жетіспей жатыр.

Ташкенттегі оннан астам дәріханада "Парацетамол" болмаған. Бұған қоса, "Аспирин" дәрісі жетіспейтіні анықталды.

Өзбекстанның барлық аймақтарында дәрі тапшы.

XS
SM
MD
LG