Ссылки доступа

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі: хиджама коронавирус пен пневмониядан емделуге көмектеспейді


Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Айнұр Акматова қырғызстандықтарды денеден қан шығару - хиджама әдісінен бас тартуға үндеді.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде хиджама әдісі коронавирус пен пневмониядан емделуге көмектеседі деген ақпарат тарап жатыр.

"Мұндай әдістің лицензиясы жоқ, оның пайдасы туралы медициналық дәлел де жоқ. Ешқандай хаттамада хиджама туралы айтылмайды. Мұндай әдісті қолданбауларыңызды сұраймын. Гепатит, ВИЧ және басқа да аурулар қан арқылы жұғатынын ұмытпаңыздар. Хиджама денсаулыққа зиян болуы мүмкін", - деді Акматова.

Қырғызстанда 12498 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 3735 адам жазылып шықты, 167 адам қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG