Ссылки доступа

Рэпер Канье Уэст АҚШ президенті сайлауына қатысуға өтініш берді


Рэпер Канье Уэст АҚШ президенті сайлауына қатысуға өтініш беріп, 35 мың долларды тіркеу ақысына төледі, деп хабарлады Associated Press.

Уэст құжаттарын 15 шілдеде Оклахома штатының сайлау комиссиясына тапсырды. Комиссия өтінішті қабылдап алды.

Рэпер толтырған құжатқа қарағанда, Канье Уэст "Канье 2020" комитетінің үміткері болды. Өтініште партия аты BDY деп көрсетілген, деп жазды РБК. Шілденің басында рэпер қандай да бір партия атынан сайлауға түспейтінін, өз партиясын құратынын мәлімдеген. Ол партиясын The Birthday Party – "туған күн партиясы" деп атаған.

Канье Уэст АҚШ президенті сайлауына қатысқысы келетінін твиттерде жазды.

Бұл твит 4 шілдеде – АҚШ Тәуелсіздігі күні жарияланды. Бірнеше сағаттың ішінде ол жүз мыңдаған ретвит пен лайк жинады. Рэперді Илон Маск қолдады.

XS
SM
MD
LG