Қазақстандық белсенді Әсия Тулесова 6 маусымнан бері тергеу абақтысында отыр. Сол күні оны митинг кезінде ұстап әкетті. CIVICUS халықаралық ұйымы Stand As My Witness ("Менің куәгерім бол") науқанының парақшасында азаматтарға Тулесоваға еркіндік сұрап, Қазақстан билігіне хат жазуын ұсынған.
2019 жылы қазанда CIVICUS халықаралық ұйымы Қазастанды азаматтық белсенділері қудаланған бес елдің қатарына енгізген. Бұл тізімде Қытай, Египет, Колумбия және Гвинея бар.
Белсенді Әсия Тулесованы қазақстандық билік "полицияға тіл тигізді және күш көрсетті" деп айыптап отыр. 7 шілдеде Алматы қаласының Медеу аудандық соты Әсия Тулесованың үстінен қозғалған қылмыстық істі қарай бастады. Сот адвокаттың істі жауып, Тулесованы босату туралы арызын қолдамады.
Полицияда істейтін алты ер азамат осы істе жәбірленуші ретінде куәлік етті. Айыптауға митинг кезінде Тулесованың қасында тұрғын полиция қызметкерінің бас киімін қағып түсіргені бейнеленген бірнеше секундтық видео негіз болды.
Беделді халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Қазақстан билігінен Әсия Тулесованы босатуын талап еткен.