Ссылки доступа

Қашқадарияда 150 медицина қызметкерін мәжбүрлі демалысқа жіберген


Өзбекстанның Қашқадария облысында коронавирус кең тарап жатқанына қарамастан 150 медицина қызметкерін мәжбүрлі демалысқа жіберген.

Қауіпсіздігі үшін аты-жөнін жасырған Касан аудандық орталық аурухана дәрігерінің сөзінше, коронавирус пандемиясы кезінде көптеген дәрігерлер мен медбикелер жұмыссыз қалған.

"Наурыз айында бәрімізді мәжбүрлі демалысқа жіберді. Енді 10 шілдеден бастап ешқандай құжат әзірлеместен тағы да демалысқа жіберіп жатыр. Жалақымыз да сақталмайды. Аурухананы жапты. Келген науқастардың бәрін кері қайтарып жатыр", - дейді дәрігер.

Касан ауданындағы перзентхана медбикесі де 35 медициналық қызметкерді ақысыз еңбек демалысқа жібергенін айтады.

Оның айтуынша, қазір перзентханада санаулы дәрігерлер мен медбикелер қалған.

Бірақ Касан аудандық медицина бірлестігінің кадрлар бөлімінің басшысы Лайло Ярова жоғарыдағы дәрігерлердің сөзін теріске шығарды.

"Мен ешнәрсе білмеймін. Мен ешқандай қызметкерді ақысыз демалысқа жібермедім. Маған ешқандай арыз түспеді", - дейді ол.

Қашқадария облыстық денсаулық сақтау басқармасының заңгері Актам Зоирович ауданда медициналық қызметкерлердің дені демалыста екенін растады.

"Бірақ біз ешкімді мәжбүрлі жібермедік. Дәрігерлердің өздері сұранды", - дейді заңгер.

XS
SM
MD
LG