Ссылки доступа

Тәжікстан оңтүстігінде жолды жабуға қатысқан он адам жазаланды


Хуросон ауданы тұрғындары Бохтар-Душанбе тас жолын жапты, 17 мамыр, 2020 жыл

Хуросон ауданының он тұрғыны рұқсат етілмеген митингке шыққаны үшін 10 тәулікке дейін қамауға алынып, әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұл туралы Хатлон облысының прокуроры Абдурахим Рахимзода мәлімдеді.

17 мамырда Хатлон облысына қарасты Хуросон ауданының ондаған тұрғыны наразылық акциясын ұйымдастырып, Бохтар-Душанбе тас жолын жапқан. Олар осылай билік өкілдерінің назарын қатты сел салдарынан зардап шеккен аймаққа бұруға тырысқан. Акцияға шыққандарды милиция жасағы қуып тарқатқан.

Митингке шыққаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалған алты адамның тағдыры белгісіз. Олардың төртеуі қамалып, екеуі қолхатпен босатылған болатын.

14 мамырда Хуросон ауданында жүрген қатты селден екі адам көз жұмып, ондаған үй жарамсыз қалған.

Наразылық акциясынан кейін билік селден зардап шеккен аймаққа 60-тан аса үй тұрғыза бастады.

XS
SM
MD
LG