Ссылки доступа

Өзбекстан орыс-қазақ шекарасында бөгеліп қалған азаматтарын пойызбен алып кетіп жатыр


Өзбекстан Ресейдің Самара және Орынбор облыстарындағы азаматтарын алып кетуді бастады.

Мигранттар бірнеше аптадан бері орыс-қазақ шекарасынан өте алмай тұрған.

15 шілдеден бастап өзбек билігі 2500 адамның 2100-ін пойызбен алып кете бастады. Қалған 400 мигрант шекараға көлікпен келген, олар транспорттарын тастап кетуден бас тартқан.

"Қазақстан көліктерді өткізбейді, біз оларды көлікті тұраққа қойып, пойызбен қайтуды ұсындық. Бірақ олар бас тартты. Ресейге қайтып кетеді. Самара және Орынбор облысында бос жұмыс орындары бар. Сонда істейтін болады", - деді Өзбекстанның Ресейдегі бас консулы Мехриддин Хайриддинов.

Мигранттар қазақ-орыс шекарасында екі аптадан астам уақыт шатырларда күнелткен. Шілденің басында олар тас жолды жабуға әрекет еткен. Полиция оларды күш көрсету арқылы тоқтатқан.

Өзбекстан мамыр айының соңында Самара облысынан 1200 азаматын шығарып алып кеткен.

XS
SM
MD
LG