Ссылки доступа

Түркіменстанда шіркеулер мен мешіттер уақытша жабылды


Түркіменстанда шіркеулер, мешіттер және мұсылмандар мінажат ететін орындар уақытша жабылды.

Бұл туралы "РИА Новости" агенттігі Түркіменстанның дін істер жөніндегі кеңесіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөз мәліметі бойынша, "мешіттер, шіркеулер және мінажат орындары жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын жүргізу үшін уақытша жабылды".

Дереккөз діни орындардың қашан ашылатынын айтпады. Оның мәлімдеуінше, мешіттерде азан шақырыла береді, бірақ оған кіруге тыйым салынған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының миссиясы Түркіменстанға барған соң, 6 шілдеде үкімет елде бірқатар шектеу шараларын қолға алды - аймақаралық автобус және теміржол қатынасы тоқтады, тұрғындардан маска кию талап етілді, бірқатар сауда орталығы мен базар жабылды.

Ашғабадта 15 шілдеде өткен брифингте ДДСҰ-ның мамандары елде коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас көрмегенін, Түркіменстанның жұқпалы аурумен күреске жақсы дайындалғанын мәлімдеді. Дегенмен миссия басшысы түркімен үкіметіне коронавирус пандемиясы кезінде қолға алынатын шаралардан бас тартпауға кеңес берген.

XS
SM
MD
LG