Ссылки доступа

COVID-2019: Тәжікстан халықаралық жолды уақытында аяқтай алмайды (видео)


Шоссе Душанбе-Бохтар вовремя не построят: из-за коронавируса не приехали строители из Китая

Тәжікстанның көлік министрі Душанбе - Бохтар автожолының алғашқы бөлігін уақытында аяқтай алмайтынын растады.

Бұл жол Евразия автожолы желісіне кіреді. Ол - Орталық Азия мен Қытай жолдарын қосатын халықаралық жоба. Жолдың алғашқы бөлігінің бітпей қалуына коронавирус пандемиясы кедергі болды: Тәжікстанға Қытайдан 45 маман келмей қалды, олардың көмегінсіз жергілікті жұмысшылар жолды баяу төсеп жатыр.

Душанбе – Бохтар бағытында автокөлік көп жүреді. Бір тәулікте осы жолмен он мыңға жуық автокөлік өтеді, алайда оның 82 шақырымына асфальт төселмеген.

Жоспар бойынша, жолдың алғашқы бөлігінің құрылысы биыл күзде аяқталуы тиіс. Барлық бөлігін тәжік биліі 2022 жылға таман аяқтауды көздеген. Бірақ қазірдің өзінде жол уақытында бітпейтіні мәлім болды.

"Әлбетте, біз жолды биыл қазанда аяқтай алмаймыз. Белгілі бір бөлігі аяқталатын шығар, бірақ толық аяқталмайды", – деді министр Худоёр Худоёрзода.

В Таджикистане появится первая дорога мирового класса
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

XS
SM
MD
LG