Бұл туралы Байланыс және ақпараттық технология жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.
Ұялы байланыс құралдары, соның ішінде 5G технологиясы адам денсаулығына зиян деген қауесет тараған соң, комитет тексеру жүргізген.
Комитеттің хабарлауынша, Қырғызстанда 5G технологиясы жоқ, ал байланыс нысандарын бұзуға талпынғандар бүкіл аудан мен елді мекендерді байланыссыз қалдырады. Бұған қоса, ұялы байланыс құралдарының, соның ішінде 5G технологиясының адам денсаулығына зияны туралы дәлел жоқ.
Коронавиру пандемиясы кезіндеәлеуметтік желілерде "әлемдік қастандық" және "коронавирусты 5G антенналарының көмегімен жұқтыру" туралы қауесеттер көп тарады.