Ссылки доступа

БАҚ: Иран қалаларында үкіметке қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр


Протесты в Ширазе, 16 июля 2020 года

Жұмаға қараған түні Иран қалаларында үкіметке қарсы наразылық акциялары өтті.

Әлеуметтік желілерде бірнеше қалада болған акция туралы видеосюжеттер жарияланды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Бехбехан қаласында полиция наразы топқа қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. Қала тұрғындары мен полиция қақтығысып қалды.

Агенттік мәліметіне қарағанда, Иранның бірнеше қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Мыңдаған адам Шираз қаласының орталығына жиналды.

Тұрғындардың наразылық митингтеріне шығу себебі әзірге белгісіз. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда наразы халық: "Газа емес, Ливан емес, Иран үшін жанпида!" деп айқайлаған. Полиция сырттай бақылап тұрған.

БАҚ пен әлеуметтік желілер Иранның кейбір провинциясында, соның ішінде Хузестанда интернет шектелгені хабарланды.

Бұның алдында Иран билігі Амирхоссейн Моради, Мохаммад Раджаби және Саид Тамджидиге шығарылған өлім жазасынан бас тартуы мүмкін екенін хабарлаған. Әлеуметтік желі қолданушылары осындай талаппен науқан өткізген. Бұған қоса, адвокаттарға алғаш рет іс материалдарымен танысуға рұқсат берілді.

Хабарларға қарағанда, бұл адамдар өткен жылы қараша айында үкіметке қарсы наразылық шерулер ұйымдастырды деген айыппен ұсталған. Сол кезде халық үкіметтің жанармай бағасын қымбаттату туралы шешіміне қарсы шыққан еді.

Ирандағы ақпарат құралдары жұмаға қараған түні қалаларда болған наразылық акциялары туралы хабар таратпады.

XS
SM
MD
LG