Тәжікстанның құқық қорғау органдары пандемия кезінде дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан дәріханалар мен ұйымдардың жүз шақты қызметкерінің үстінен әкімшілік және қылмыстық іс қозғады.
Денсаулық сақтау министрлігі сәуірдің соңында елде коронавирус тіркелгенін мойындады, содан кейін дәріханаларда дәрі-дәрмек қымбаттап кетті.
Нарықтағы бағаға бақылау жасайтын монополияға қарсы қызметтің хабарлауынша, әсіресе вирусқа қарсы препараттардың бағасы он есе қымбаттаған. Монополияға қарсы күрес қызметінің басшысы Абдумаджид Муъминзодтің 15 шілдеде баспасөз конференциясында хабарлауынша, дәріні негізсіз қымбаттатқан елуден астам дәріханаға 100 мың сомони (шамамен 10 мың доллар) айыппұл салынды.
"Дәрі-дәрмек пен медицина заттары әлеуметтік маңызды тауарлар мен қызметке жатқызылды, оларды бағасын мемлекет бақылайды", - деді қызмет басшысы.
Ресми биліктің мәлімдеуінше, 18 шілдеде Тәжікстанда коронавирус жұқтырғандар 6834 адам болды, 57 адам қайтыс болған.