Ссылки доступа

Өзбекстан коронавирус жұқтырып, үйде емделіп жатқан науқастарға тегін дәрі береді


Өзбекстан билігі коронавирус жұқтырып, үйде емделіп жатқан науқастарға дәріні тегін береді.

Коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі арнайы комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды. Жиналысты премьер-министр Абдулла Арипов өткізді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Жиналыста науқастарға тегін берілетін дәрі тізімі бекітілді.

Хабарларға қарағанда, коронавирустан емделіп жатқан науқастарға "гидроксихлороксин", "азитромицин", "парацетамол", "С витамин" және медициналық маска беріледі.

Коронавирус жұқтырып, дәрігерлердің бақылауымен үйде емделіп жатқан науқастар бұл препараттарды тегін алады.

XS
SM
MD
LG