Ссылки доступа

Қырғызстанда COVID-19-дан 1003 адам қайтыс болды


Қырғызстанда бір тәулікте 1020 адамның СOVID-19 жұқтырғаны анықталды.

Бұл туралы республиканың шұғыл штабы хабарлады. Қырғызстан коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды бірге есептеп жатыр.

Бішкекте 369 адам, Ош қаласында – 151, Шу облысында – 123, Ош облысында – 178, Талас облысында – 37, Нарын облысында – 31, Ыстықөл облысында – 31, Жалал-Абад облысында – 40, Баткен облысында 70 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Бір тәулікте 70 қайтыс болды, олардың жартысы Бішкек қаласында тұрған.

Қырғызстанда пандемия басталғалы бері 26532 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, 1003 адам қайтыс болды.

Бір тәулікте 70 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны анықталды.

XS
SM
MD
LG