Ссылки доступа

COVID-19: шекараға қатысты тәжік-қырғыз келіссөздері уақытша тоқтады


На таджикско-кыргызской границе произошло несколько конфликтов с применением оружия

Шекараға қатысты тәжік-қырғыз келіссөздері коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтады.

Бұл туралы Тәжікстанның геодезия және жер мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Ориф Ходжазода мәлімдеді.

2020 жылы екі елдің үкімет делегациялары бес кездесу өткізген.

"Биыл 1 наурызға дейін жұмыс топтары Қырғызстан мен Тәжікстан арасында жер учаскелерін алмастыруға қатысты ұсыныстар дайындады. Біз қорытындыны үкіметке тапсырдық", - деді Ориф Ходжазода. Шенеунік шекараға қатысты тәжік-қырғыз келіссөздері коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап тұрғанын айтты.

Қырғыз-тәжік шекарасы 970 шақырымға созылып жатыр, соның 450 шақырымы делимитацияланбаған және демаркацияланбаған.

XS
SM
MD
LG