Ссылки доступа

Қазақстан дәріханаларында аутоиммунды ауруларды емдейтін дәрі жоқ (видео)


В аптеках Казахстана пропал преднизолон. Виноват COVID-19 или действия властей?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:45 0:00

Қазақстандағы дәріханаларында преднизолон дәрісі жоқ.

Бұл дәрі миастениямен ауыратындар үшін өте маңызды гормон жеткізетін препарат. Бірақ оны қазір дәріханалардан табу қиын, өйткені бұл дәріні коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін де пайдаланады. Дәріге сұраныс көбейіп кеткен соң, миастениямен ауыратындар денсаулық сақтау министрінен көмек сұрады: дәріні бір мәрте ішпей қалса, науқастың мүшелері жұмыс істемей қалуы мүмкін.

Миастения – аутоиммунды жүйке және бұлшық ет ауруы. Ол гендегі бұлшық ет жұмысына жауап беретін түрлі ақуыздардың мутацияға ұшырауынан пайда болады. Әдетте ауру 20-40 жаста анықталады; әйелдер бұл аурумен жиірек ауырады. Ағзаның түрлі бұлшық еті зақымданады. Науқастардың жүрісі өзгеріп, тамақ жұтуы, тыныс алуы қиындайды.

"Мен бұл дәріні күнара 8 данадан ішемін. Кейбір науқас 12 данадан қабылдайды. Бұл гормон бізге тыныс алуға көмектеседі", - деді екінші топтағы мүгедек Орынтай Капенова. Ол Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Науқастың айтуынша, дәрі ішпей қалса, ол "бірнеше күнде өліп кетуі мүмкін".

"Мен бұл дәріні 17 жыл бойы ішіп келемін. Мен сияқты науқастар үшін аса қажет препарат. Дәріні бір мәрте ішпей қалсам, ағзаның мүшелері жұмыс істемей қалуы мүмкін", – дейді тағы бір науқас Анар Хамитова.

Миастениямен ауыратын әйелдер Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға видеоүндеу жазды. Науқастар министрден преднизолонды мемлекет қамтамасыз ететін тегін дәрілер тізіміне қосуын сұрады.

Коронавирус эпидемиясы басталғанда преднизолон дәріханаларда сатылмай қалды. Өйткені бұл дәрі COVID-19 жұқтырғандарды емдеуге арналған хаттамада айтылған. Дәрігерлер оны жағдайы ауыр науқастарға тағайындайды. Сонда да дәріні сатып алу қиын болып тұр.

"Пандемия кезінде біздің жағдайымыз одан сайын қиындап кетті", –деді Хамитова.

"Синтетикалық глюкокортикостероидтар – иммунды жүйенің әрекетін тежейтін, ісікті қайтаратын препарат. Оны иммунды жүйені сәл тежеу үшін қолданады. Бірақ оны қатты тежеуге де болмайды, өйткені ағза вируспен күресті тоқтатпауы керек", - деп түсіндірді дәрігер-эпидемиолог Рафаиль Қыпшақбаев.

XS
SM
MD
LG