Ссылки доступа

Ташкенттегі көрме залы COVID-19 жұқтырған науқастарға көмек орталығына айналды


Өзбекстан астанасындағы көрме залы коронавирус жұқтыруы мүмкін науқастарға алғашқы көмек көрсетілетін орынға айналды.

Мұнда науқастарға нақты диагноз қойылып, аурудың қаншалықты ауыр екені анықталады, алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және науқастарды ауруханаларға бөледі.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұндай орталықты құру туралы ұсынысты Ташкент басшысы Жахонгир Артыкхожаев тастаған. Жақында ғана ол президент Шавкат Мирзияевтен астанада коронавируспен күресті дұрыс ұйымдастыра алмағаны үшін сөгіс естіген.

Көрме залына 500 орын қойылды. Мұндай орталықты жабдықтауға жергілікті бюджеттен қаражат алынбайды. Ташкент мэрінің ұсынысын жүзеге асыруға кімдер ақша бөлгені айтылмады.

Еске салайық, Ташкенттегі 16 медициналық мекеме толып қалғаны жақында мәлім болды. Ташкент облысы Зәңгіата ауданындағы жаңа стационар да бір аптадан соң науқастарға толатыны хабарланды.

15 шілдеде президент Шавкат Мирзияев жиналыс өткізіп, Ташкент пен Ташкент облысындағы жағдайды талқылады. Жиналыста мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Әлішер Шадманов пен Ташкент хокимі Жахонгир Артыкхожаевқа сөгіс жариялады.

Өзбекстанда 16 752 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған.

XS
SM
MD
LG