Ссылки доступа

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі шенеуніктер Германияда емделген деген ақпаратты жоққа шығарды


Денсаулық сақтау министрі Сабыржан Абдикаримов пен оның орынбасары Нұрболот Усенбаев Бішкектегі республикалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Каратаев хабарлады.

Ол шенеуніктер шетелде емделген деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Олар Германия емделген деп жазып жатыр. Жалған ақпарат. Олар ешқайда ұшқан жоқ, жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Денсаулықтары жақсы, жазылып келеді", - деді Каратаев.

Шілденің басында денсаулық сақтау министрі Сабыржан Абдикаримов пневмониямен ауырғаны, ал оның орынбасарларының бірі Нұрболот Усенбаев коронавирус жұқтырғаны мәлім болды.

Қырғызстанда пандемия басталғалы бері 27143 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 1037 науқас қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG