Ссылки доступа

Душанбеде әріптесін өлтірген автокөлік жуушы 14 жылға сотталды


Диловаршо Шомиров

Душанбе қаласының Шохмансур аудандық соты Абдулмумин Халиовті автокөлік жуу цехының жұмысшысы Диловаршо Шомировті өлтірген деген айыппен 14 жылға соттады.

Хабарларға қарағанда, Шомировті өлтіруге көмектескен тағы бір адамға іздеу жарияланған. Республикалық сот-медицина сараптамасы орталығының бір қызметкеріне қылмыстық іс қозғалды.

Диловаршо Шомировтің денесі 22 наурызда түнде Душанбедегі мата фабрикасы маңында табылды. Куәгерлер денені "жедел жәрдем" көлігімен мәйітханаға алып кеткенін айтты. 24 наурызда Душанбе қаласының ішкі істер департаменті марқұмның өліміне инсульт себеп болды деп хабарлаған. Алайда марқұмның туыстары денеден соққы іздерін көрген. Содан кейін ғана марқұммен бірге автокөлік жуу цехында істеген Абдулмумин Халилов ұсталды. Кейін куәгерлер марқұмды екі адам соққыға жыққанын айтты.

Республикалық сот-медицина сараптамасы орталығының мамандары марқұм инсульттен өлді деп алдын ала болжам жасалғанын, одан соң ғана марқұмның соққыдан қаза тапқаны анықталғанын мәлімдеген. Прокуратура жалған мәлімет берген орталықтың үстінен қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG