Ссылки доступа

Ташкент 27 Isuzu Ambulance жедел жәрдем көліктерін алды


Самарқанд қаласындағы Isuzu D-Max автокөлік зауытында шығарылған жедел жәрдем автокөліктері Өзбекстан астанасына жеткізілді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ташкент әкімшілігі 27 ISUZU AMBULANCE автокөлігін астана үшін алдырған.

Бұған дейін хабарланғандай, SamAuto зауыты ISUZU D-Max автокөлігінің негізінде жедел жәрдем автокөліктерін шығара бастаған.

Өткен аптада Өзбекстанның бас прокуроры Нигматилла Юлдашев жедел жәрдем қызметінің жұмысы жетілдірілетінін хабарлаған. Прокурордың пікірінше, жедел жәрдем науқасқа көмек көрсетуге 15 минут ішінде жетуі керек.

Бас прокурор мәлімдемесінен соң Ташкент қаласының жедел жәрдем қызметі пандемиямен күресу үшін маман мен ресурс жетіспей жатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG