Ссылки доступа

БАӘ алғашқы араб ғарыш миссиясын Марсқа жөнелтті


Біріккен Араб Әмірлігі Марсқа миссия жіберген алғашқы араб елі атанды.

Хабарларға қарағанда, "Әл-Амаль" ("Үміт") ғарыш зонды қызыл планетаға жеті айда жетеді.

Дүйсенбіге қараған түні жапонның H-IIA зымыран тасымалдағышы Әл-Амаль зондын ғарышқа алып шықты. Зымыран Танэгасима ғарыш айлағынан ұшырылды.

Ресми мәлімет бойынша, ғарышқа шығарылған аппаратпен байланыс орнатылған.

Әль-Амаль зонды шамамен 1350 келі тартады, оған екі күн батареясы, сапалы камера орнатылған.

Біріккен Араб Әмірлігі билігінің хабарлауынша, Марсқа жолданған миссияның мақсаты - планетадағы атмосфераны, климат жағдайын және маусым ауысын зерттеу. Аппарат бір марсы жылын орбитада өткізу тиіс. Марс жылы біздің жылға қарағанда екі есе ұзақ.

БАӘ миссиясы 200 млн доллар тұрады, деп хабарлады елдің озық ғылым министрі Сара Амири.

XS
SM
MD
LG