Ссылки доступа

Екатеринбургте тәжік және қырғыз мигранттары төбелесіп қалды (видео)


Потасовка между мигрантами в Екатеринбурге. Скриншот с видео

Ресейдің Екатеринбург қаласындағы тәжік және қырғыз диаспорасының өкілдері мигранттар арасындағы жанжалдың жол бермейтінін мәлімдеді.

Мигранттар арасындағы жаппай төбелес 18 және 19 шілдеде болған. Екатеринбург қаласында коронавирус пандемиясы кезінде ұлтаралық қақтығыс алғаш рет тіркеліп отыр.

Шамамен 80 мигрант қаланың Пехотинец көшесінде төбелескен. Куәгерлердің айтуынша, олар жолдың бір бөлігін жауып тастап, бір-біріне тас лақтырған.

Жанжал себебі анықталып жатыр. Кем дегенде бір адам зардап шеккені мәлім болды. Полиция ешкімді ұстап үлгермеген: құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына келгенде жасөспірімдер қашып үлгерген, деп хабарлады Росбалт.

Облыстағы тәжік диаспорасының басшысы Фаррух Мирзоев пен қырғыз диаспорасының өкілі Гүлшан Долонбаева мигранттарды басу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Жаппай төбелес сенбінің кешінде басталған. Сол күні мигранттар қаладағы бір стадионда футбол ойнаған. "Ойын барысында олар ерегісіп қалып, соңы осындай төбелеске ұласқан. Ертесіне тағы да төбелеске жиналған. Полиция келгенде, бәрі қашып кеткен. Ешкім зардап шекпеген, әйтеуір ауруханаға ешкім көмек сұрап бармаған", - деді Фаррух Мирзоев.

"Бұл оқиға допқа таластың балалардың әрекетіне көбірек ұқсайды", - дейді Гүлшан Долонбаева.

Екатеринбург қаласында шамамен 120 мың тәжік азаматы және шамамен 50 мың қырғызстандық жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG