Ссылки доступа

Қырғызстанның жазаны орындау қызметі Әзімжан Асқаровтың "жағдайы ауыр" деген ақпаратты жоққа шығарды


"Ферғана" ақпарат агенттігінің жетекшісі Даниил Кислов Facebook'те өмірлік түрме жазасына кесілген құқық қорғаушы Әзімжан Асқаров қатты ауырып жатыр деп жазды.

"Адам құқығын қорғаушы әрі журналист, біздің досымыз және әріптесіміз, өмірлік түрме жазасымен Қырғызстан түрмесінде отырған Әзімжан Асқаров қатты ауырып жатыр. Дереккөздің айтуынша, он күн бойы оның ыстығы түспей тұр, ауыр демалады және төсек тартып жатыр. Оған ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген, диагноз қойылмаған", - деп жазды Кислов.

Ол адам құқығын қорғаушылардан Мемлекеттік жазаны орындау қызметінің басшылығынан Асқаровқа тез арада медициналық көмек беруді және оған бостандық талап етуін сұрады.

Мемлекеттік жазаны орындау қызметінің баспасөз хатшысы Самат Калыков ақпаратты жоққа шығарды. "Азаттыкқа" берген сұхбатындаол Асқаровтың денсаулығы жақсы деп мәлімдеді. Оның айтуынша, адам құқығын қорғаушыны дәрігер қараған, оның ыстығы көтерілмеген, тыныс алуы бірқалыпты.

"Соған қарағанда, оның жақтастары жұрттың назарын аудару үшін осындай акция бастаса керек. Көзбен көрмей жатып қандай да бір болжам жасаудың қажеті жоқ. Асқаровтың жағдайы ауыр деген ақпарат - жалған", - деді Калыков.

Әзімжан Асқаровты 2010 жылы маусым оқиғасынан соң ұстап, оған милиция қызметкерін өлтіруге қатысты деген айып тағылды. Соттың барлық инстанциясы оны өмірлік түрме жазасына кесті.

XS
SM
MD
LG